Бельгияның Шиме қаласындағы жарылыстың себебіне болжам жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзін-өзі өлтіру - Бельгияның Шиме қаласындағы жарылыстың себебі болуы ықтимал. Бұл туралы Бельгия сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, РИА Новости хабарлады.

Бельгияның Шиме қаласындағы жарылыстың себебіне болжам жасалды

«Біз әлі 100 пайыз сенімді емеспіз, алайда өзін-өзі өлтіру мақсатында тұрмыс газының жарылуы мүмкін. Басқа ешқандай түсініктеме жоқ», - деп агенттікке сұхбат беруші оқиғаның лаңкестікке еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

26 тамызға қараған түні Шиме (Эно провинциясы) қаласындағы спорт орталықтарының бірінде жарылыс болды.  Сол сәтте ғимарат ішінде бес адам болған. Оның бірі қаза тауып, екеуі жараланды, тағы екеуі жеңіл жарақат алған.

Жарылыстың себебі ресми жарияланған жоқ. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқару қызметі жұмыс істеуде.