Бельгияның жесір ханшайымы Фабиола қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 86 жастағы Бельгияның жесір ханшайымы Фабиола қайтыс болды, деп хабарлады ВВС.

Бельгияның жесір ханшайымы Фабиола қайтыс болды

Арғы тегі испаниялық Фабиола Бельгия Королі Бодэунге 1960 жылы тұрмысқа шығып, 5-ші Бельгия ханшайымы атанған.

Оның күйеуі 1993 жылы қайтыс болған. Королдік отбасында бала жоқ болғандықтан тақ інісі Альберт Бодуэнге өтеді. Бельгия Сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс оның өлімі барлық бельгиялыққа ауыр тиетінін хабарлады.