Беларусь 2014 жылғы әлем аруы жеңімпазынан бас тартты

«Әдетте осындай байқаулардың ұйымдастырушылары бізге келіп, қатысушыны таныстыруға өтінішін береді. Бұл ұйымдастырушылар (Американың Мэриленд штатында өткен байқауды) бізге мүлдем келген жоқ», - дейді Дубовская РИА Новости агенттігіне берген түсініктемесінде.
Оның айтуынша, елдегі ұлттық байқаулардың ұйымдастырушылары Алексейчик туралы алғаш естіп отыр. «Біз бұл жеңімпазды танымаймыз. Осындай байқаудың тіпті өтетінін де білмедік», - деп атап өтті баспасөз хатшысы.
Дубовская халықаралық байқауларда Беларусь атынан дәстүрлі түрде ұлттық сайыстардың жеңімпаздары шығатынын және ағымдағы жылы осындай байқауда («Беларусь аруы») Юлия Перегудова жеңімпаз атанғанын баяндады.
Бұған дейін «Әлем аруы-2014» байқауының жеңімпазы Беларусьтің 31 жастағы өкілі Марина Алексейчик атанғаны туралы хабарлаған болатынбыз.