18:13, 21 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Беларусь 2018 жылдан бастап Ресейдің электр қуатынан бас тартады
АСТАНА - ҚазАқпарат - Беларусь 2018 жылдан бастап элект қуатының импортынан толықтай бас тартады, оның ішінде Ресейдің де өнімі бар. Бұл туралы осы елдің энергетика министрі Владимир Потупчик парламентте мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС .

«Біз Ресейден электр қуатын импорттау жөніндегі келісімдерді аяқтадық. Ресей ұсынып отырған бағамен біз электр қуатын сату алудан бас тартамыз. Өзіміздікін өндіреміз. 2018 жылдан бастап, электр қуатын импорттаудан толықтай бас тартамыз»,-деді ол.
Осы елдің вице-премьері Владимир Семашконың айтуынша, республикада салынып жатқан АЭС шеттен электр қуатын сатып алуды тоқтатуға толық мүмкіндіп беріп отыр.
Бұған дейін Беларусь Ресейден 2017 жылы 2,5 млрд кВт/сағ сатып алып және 1 млрд кВт/сағ электр қуатын қосымша сақтап қойған болатын.
Беларусь сонымен қатар Украинадан да электр сатып алып келген, алайда 2017 жылдан бастап бұл импорт тоқтатылды.