Беларусь аумағынан мұнай тасымалдау құны қымбаттады

None
None
МИНСК. БелТА-ҚазАқпарат – Беларусьтың Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі ел аумағынан мұнай тасымалдау тарифтерін 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3,7% көтеру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Беларусьтың Ұлттық құқықтық интернет порталында ресми жарияланған.

«Ресей мұнайының құрамында органикалық хлоридтер концентрациясы артқандықтан, оны Польша, Германия, Чехия және Венгрияның мұнай өңдеу зауыттары қабылдаудан бас тартуына байланысты, 2019 жылдың ІІ тоқсанында мұнай тасымалдау көлемі қысқарды. Сондықтан «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ-ның 2019 жылы алуы тиіс табыстары қысқарды. Бұл ААҚ-ның көлік жүйесінің сенімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық бағдарлама аясындағы қажетті шаралардың орындалмауына әкеп соқтыруы мүмкін», - делінген мәлімдемеде.

Соның орнын толтыру мақсатында министрлік ел аумағынан мұнай тасымалдаудың тарифін арттырып отыр.

Оның алдында, Беларусь пен Ресей тамыз айының басында мұнайды Беларусь аумағы арқылы тасымалдау құнын 1 қыркүйектен бастап 3,7% арттыруға келіскен.

Соңғы жаңалықтар
telegram