Беларус депутаттары Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тану мәселелерін қарайды
АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат - Беларус Республикасының Парламенті алдағы күндері Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздіктерін тану туралы мәселені қарайды.
Бұл туралы сәрсенбі күні Минскіде журналистерге Беларус президенті әкімшілігінің басшысы Владимир Макей хабарлады. Оның айтуынша, мәселе ағымдағы аптада парламент мәжілісінің күн тәртібіне енгізілуі мүмкін.
Макей, депутаттардың шешім қабылдауда азаматтардың пікірлеріне сүйенетінін айта келіп, «бұл мәселе бойынша халық пікірінің біркелкі емес екенін» атап көрсетті.
Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін әзірге тек Ресей, Венесуэла және Никарагуа елдері танып отыр, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.