Беларус депутаттары Кеден одағының келісімдеріне ұсынылған түзетулерді бекітті

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Беларус Республикасының Ұлттық жиналысы Өкілдер палатасының депутаттары бүгін,
None
None

алтын сессияның бірінші отырысында Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы және ветеринарлық-санитарлық шаралар туралы келісімдеріне түзетулер енгізу туралы хаттамаларды бекітті, деп хабарлады БЕЛТА агенттігі.

Беларус Республикасының ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Михаил Русыйдың хабарлауынша, аталмыш хаттамалар, Кеден одағы елдерінің аумақтарында карантинге жататын өнімдердің әкеліну шарттарын анықтайтын құжат ретінде импорттық карантиндік рұқсатнаманы ресімдеуді алып тастауды қарастырады. Оның орнына тараптар, сырттан әкелінетін және карантинге жататын өнімдерге қойылатын фитосанитарлық талаптар туралы ресми ақпараттарды уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми сайттары мен басқа да ақпараттық жүйелерге орналастырулары керек.

Хаттама шарттары бойынша, ветериналық қызметтердің бақылауына жататын тауарларды шығаратын, өндіретін және сақтайтын ұйымдар мен тұлғаларды бірлесіп тексерудің мүмкіндіктерін нақтылау жоспарланып отыр.

Михаил Русый мырза сондай-ақ Кеден одағы келісімдерін бекітудің арқасында «үштік» елдерінде ауыл шаруашылығы өнімдері айналымының шарттары біршама оңтайланады, себебі ондай өнімдердің әкеліну-әкетілуіне қажетті құжаттар азаяды, деп санайды.

Соңғы жаңалықтар