Беларусь ЕАЭО-дан тыс аумаққа ірі қара терісін шығаруға уақытша тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Министрлер кеңесінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №326 қаулысымен 2017 жылғы 10 мамыр - 10 қараша аралығында Беларустен Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлерге ірі қара малдың өңделмеген терісін шығаруға уақытша тыйым  енгізілді, деп хабарлады БЕЛТА. 
None
None

Құжатта «2017 жылғы 10 мамыр - 10 қараша аралығында Беларустен ЕАЭО кеден аумағынан тыс жерлерге ірі қара малдың өңделмеген терісін шығаруға уақытша тыйым салынады» делінген.

Құжат «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы»  №124 жарлық және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт негізінде қабылданды.

Соңғы жаңалықтар