Беларусь елі парламенттің жаңа құрамын сайлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина парламенттің жаңа құрамы сайланғандығын мәлімдеді. Бұл туралы «Белтелерадиокомпания» хабарлады.

Беларусь елі парламенттің жаңа құрамын сайлады

Елдегі парламенттік сайлау жергілікті уақыт бойынша 11 қыркүйек күні сағат 20: 00-де аяқталды.  

Сайлаудың түпкілікті қорытындысы түн ортасына таяу белгілі болады.

11 қыркүйекте ел азаматтары Беларусь парламентінің төменгі палатасы депутаттарын таңдады.

Күндіз елдің Орталық сайлау комиссиясы сағат 14:00-де сайлаушылардың 52,49 пайызы дауыс бергендіктен парламенттік сайлауды өтті деп  таныды.