Беларусь елінде шекара бойында жанармай босатудағы шектеу алынып тасталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 тамыздан бастап Беларусь елінде шекара маңындағы жанармай құю бекеттерінде жүк көліктеріне жанармай сатудағы шектеу алынып тасталды.

Беларусь елінде шекара бойында жанармай босатудағы шектеу алынып тасталды

Аталмыш елдің 2014 жылғы 18 тамыздағы №798 Министрлер кеңесінің қаулысы 22 тамыздан, яғни бүгіннен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, осыған дейін "Белнефтехим" концерні шекара маңындағы жанармай құю стансаларында көліктерге жанармай-жағармайды сату көлеміне шектеу қойған болатын. Жанармай құю стансаларында жүк көліктеріне 200 л көлемнен асырмай жанармай сатуды шектеу 2011 жылы енгізілген еді. Концерн өкілдері бұл шараның енді қажетсіз екенін жеткізген, деп хабарлайды БЕЛТА.