Беларусь елінде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алды
МИНСК. ҚазАқпарат - Бүгін, 7 мамырда Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің қатысуымен Белорусь аумағында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан Қазақстан жауынгерлері ескерткішіне, сондай-ақ, Минск облысының Молодечно ауданындағы Радошковичи ауылында туыс бауырластар қабіріне гүл шоғын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Беларусьтегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға ардагерлер, жергілікті билік органдарының басшылары, қазақ диаспорасының өкілдері, осы елдегі қоғамдық жастар ұйымдары, сондай-ақ, Минскіде оқып жүрген офицерлер, курсанттар мен студенттер қатысты.
Елші Ермұхамет Ертісбаев өз сөзінде Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында Қазақстаннан шыққан бірнеше ондаған мың жауынгердің қаза тауып, Беларусьте жерленгенін атап өтті. Олардың 84-ы Белоруссияны азат ету жолындағы шайқастарда ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, - деді ол.
Іс-шараның соңында Е.Ертісбаев беларусь халқына құрбан болғандарды еске сақтағаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстан өзінің қаһармандарын жоғары бағалайтындығын атап өтті.
Соғыс ардагері, қазіргі уақытта Минск қаласында тұратын, полковник Мырзатай Берікбаев іс-шараның құрметті қатысушысы болды.