Беларусь ІІМ: Елдегі рұқсатсыз шерулерге қатысты жағдай бақылауға алынды

МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусь ІІМ Минск қаласында және облыс орталықтарында рұқсат етілмеген шерулерге қатысты жағдайды бақылауға алғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусь ІІМ: Елдегі рұқсатсыз шерулерге қатысты жағдай бақылауға алынды

«Облыс орталықтары мен Минск қаласында рұқсат етілмеген бұқаралық шаралар өтіп жатқанына қарамастан, милиция жағдайды бақылауға алған», - деді ІІМ ресми өкілі Ольга Чемоданова.

Оның айтуынша, қазір біраз адам ұсталған.

«Толық ақпарат әзірге қолымызда жоқ. Милиция барлық қалалар, бүкіл ел аумағындағы жағдайды бақылауға алған», - деді О.Чемоданова.

Министрлік толық ақпаратты кейінірек хабарлайтынын мәлім етті.