Беларусь Ираннан кредит алатын болды
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Беларусь пен Иран жалпы сомасы 400 млн. доллар болатын ирандық кредитті тарту мәселесін талқылап жатыр. Бұл жөнінде Ұлттық банк басқармасының төрайымы Надежда Ермакова республика Кеңесінің жетінші сессиясы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА.
Надежда Ермакованың айтуына қарағанда, аталмыш кредитті беру жөнінде түбегейлі шешімді Иран тарабы қабылдап қойған.
Сонымен қатар, Ұлттық банк төрайымы жалпы сомасы 1 млрд. долларға тең кредит Ресейден келіп түсетіндігін хабарлады. Жақын арада Беларусьқа ХВҚ миссиясы келеді деп күтілуде.