Беларусь-Литва шекарасында 700-ге жуық ауыр жүктер таситын көліктер тұрып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь пен Литва елдері шекарасының өткізу бекетінде үлкен әрі ауыр жүктерді тасуға арналған көліктерден кезекте тұрып қалды.

Беларусь-Литва шекарасында 700-ге жуық  ауыр жүктер таситын көліктер тұрып қалды

Бұл туралы республиканың мемлекеттік шекаралық бақылау (МШБ) комитетінің мәліметтері куәландырады, деп хабарлайды ТАСС.

Шекаралық ведомствоның ақпаратынша, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша (мәскеу уақытымен бірдей) Беларусь-Литва шекарасында Беларусьтен шыға берісте кезекте 680 үлкен жүк таситын автомобиль тұрды. Соның ішінде, Каменный Лог өткізу бекетінде - 250, Бенякониде - 170, Привалкада - 150, Котловкада 110 үлкен жүк таситын көлік тұрып қалған.

Литва жағынан, Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің мәліметтерінше, кезек жоқ. Онда Латвиядан Беларусьқа еркін шығуға болады.

Өз кезегінде Беларусь-Латвия шекарасының Григоровщина өткізу бекетінде 30 автомобильден құралған кезек байқалып отыр. Беларусь пен Польша шекарасының Брузги өткізу бекетінде де тура соншама жүк көлігі тұр. Беларусьтің Украинамен шекарасында жүк көліктерінің өтуімен проблемалар жоқ, деп атап өтті Беларусь елінің Мемлекеттік шекара комитетінен.