Беларус маманы П. Родненок футболдан Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Қазақстан жастар құрамасының және жасөспірімдер құрамасының (19 жасқа дейінгі) жаңа бас жаттықтырушысы тағайындалды.
Бұл екі құраманы енді беларустық маман Павел Родненок жаттықтыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, командаларға жаңа бас жаттықтырушы бүгін таныстырылған.
«Біздің спорт» сайтының хабарлауынша, кезінде КСРО чемпионаттарында Минскінің «Динамо» клубының қатарында өнер көрсеткен В. Родненокпен келісімшарт екі жылға жасалған. Родненок 2000 жылы Мәскеуде жаттықтырушылардың жоғары мектебін тәмамдаған. Өз елінде Беларустың жасөспірімдер құрамасын және жастар құрамасын жаттықтырған.