Беларусь өкілдерінің палатасы президент сайлауын 2015 жылғы 11 қазанға белгіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Президентін сайлау 2015 жылдың 11 қазанында өтеді. Осындай шешім бүгін жетінші сессиясы жұмысын аяқтап отырған Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы өкілдері палатасының отырысында қабылданды, деп хабарлады БЕЛТА.

Беларусь өкілдерінің палатасы президент сайлауын 2015 жылғы 11 қазанға белгіледі

Беларусь Конституциясына сәйкес, Президент бес жылға сайланып, қызметіне ант қабылдаған соң кіріседі. Президент сайлауын өкілдер Палатасы бес ай бұрын белгілейді, сондай-ақ қазіргі мемлекет басшысы өкілдігі аяқталғанша екі ай бұрын мерзімнен кешіктірмей, жексенбі күні өткізіледі.

Соңғы рет Беларусь Президентін сайлау 2010 жылдың 19 желтоқсанында өтіп, ресми мәліметтер бойынша, Александр Лукашенконың еш талассыз төртінші президенттік мерзімін қамтамасыз етті.