Беларусь пен Қазақстан адамның ДНК-паспортын жасап шығармақ

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Беларусь пен Қазақстан адам геномикасы саласында бірлескен ғылыми-техникалық жоба әзірлеуде. Бұл жөніне Беларусь Ұлттық ғылым академиясы Генетика мен цитология институтының директоры биология ғылымдарының докторы, профессор Александр Кильчевский мәлімдеді, деп хабарлайды ИнтерНовости.
None
None

Профессордың айтуына қарағанда, екі елдің ғылыми мекемелері бірқатар биологиялық жоба әзірлеуде. Соның ішінде біреуі адам геномикасына қатысты.

Портал мәліметтері бойынша, жобаның негізінде адамның тұқым қуалаушы ауруларға икемділігін, генетикалық паспортын жасап шығару жатыр. Беларусь пен Қазақстан болашақ ынтымақтастығының келесі қыры, Кильчевскийдің сөзіне қарағанда, - «ауыл шаруашылығы малдарының сәйкестендіруші ДНК-паспорттарын жасау».

Соңғы жаңалықтар