Беларусь Премьері қызметіне Михаил Мясникович тағайындалды

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Беларус Президенті Александр Лукашенко ел Үкіметінің жаңа басшысын тағайындады, деп хабарлады БЕЛТА агенттігі.

Беларусь Премьері қызметіне Михаил Мясникович тағайындалды

Сергей Сидорскийдің орнына бұл лауазымға бұрын республика Ғылым академиясын басқарған Михаил Мясникович отырды. Сондай-ақ Лукашенко Үкімет пен Президент әкімшілігінде бірқатар кадрлық өзгерістер жасады. Бұдан бұрын Президент сайлауына байланысты республика Үкіметі отставкаға кеткен болатын.