Беларус Президенті сайлауында сайлаушылардың 90,66 пайызы дауыс берді
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Беларус Президенті сайлауында сайлау учаскелеріндегі дауыс беру аяқталар тұста, яғни жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де (21:00 мск) сайлаушылардың 90,66 пайызы дауыс берді. Мұндай мәліметтерді Беларустің Орталық сайлау комиссиясы жариялап отыр, деп хабарлайды РБК.
А.Лукашенкодан басқа сайлауға «Еуропалық Беларус» қозғалысының көшбасшысы Андрей Санников, әдебиетші және қоғам қайраткері Владимир Некляев, Бірлескен азаматтық партия көшбасшысының орынбасары Ярослав Романчук, «БНФ Партиялары» басшысының орынбасары Григорий Костусев, «Белорус христиан демократиясы» қозғалысы көшбасшыларының бірі Виталий Рымашевский, оппозиционер Николай Статкевич, «Қайта жаңғырту үшін» одағының көшбасшысы Алесь Михалевич, сонымен қатар кәсіпкерлер Виктор Терещенко мен Дмитрий Усс қатысты.
Сайлауды өтті деп есептеу үшін тіркелген сайлаушылардың кем дегенде 50 пайызы Мемлекет басшысын сайлау науқанына қатысуы керек.
Беларустағы сайлау үдерісін ТМД-дан барған 336 бақылаушы, соның ішінде 41 ұзақ мерзімді бақылаушы қадағалады, олар Беларустың барлық аймақтарында жұмыс істеді.
ЕҚЫҰ Парламенттік Асссамблеясы миссиясының аясында және сайлау мониторингіне қатысу үшін Беларусқа барған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев күннің бірінші жарытысында Минскідегі төрт сайлау учаскесінде, атап айтқанда елдің қазіргі Президенті Александр Лукашенко дауыс берген №1 сайлау учаскесінде болды.