Беларусь Ресейден шошқа етін кіргізуге тыйым салды
АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Беларусь Ауыл шараушылығы және сауда министрлігі РФ Владимир облысынан шошқа етін әкелуге тыйым салды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Мұндай шешім аталған өңірдегі африкалық доңыз обасының таралуына байланысты қабылданды.
Бұған дейін Ресей тарапынан да Беларусь еліне қатысты мұндай шара қолданылған болатын. Ресей ауыл шарушылығы министрлігінің шешімі бойынша, Беларусьтағы африкалық обаның анықталуына байланысты шошқа еті кіргізілмеді.