Беларус Республикасындағы президенттік сайлауды ТМД-ның атынан 400 байқаушы бақылайтын болады
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қазан айының соңына қарай ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы Беларус Республикасының президенттік сайлауының аясында республиканың барлық облыс орталықтарында -Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Могилев қалаларында өз бөлімдерін ашады.
Бұл шара байқаушылардың қалалар мен аудандардағы жұмыстарын ұйымдастыруға, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларымен тұрақты байланыста болуға, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттардың сайлауалды науқандарын таныстыру жөніндегі жұмыстарына мониторингтер жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұл туралы Беларус Президентінің сайлауындағы ТМД байқаушылары миссиясының басшысы Сергей Лебедев пен Беларустың Сайлау және республикалық референдумдар өткізу жөніндегі Орталық комиссиясының төрайымы Лидия Ермошинаның кездесуінде мәлім етілді, деп хабарлады ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен.
ТМД миссиясы Беларус Республикасында осымен бесінші рет байқау жүргізеді.
Дауыс берілетін күні Беларус Республикасындағы президенттік сайлауды ТМД-ның атынан 400 байқаушы бақылайтын болады.