Беларусь сарапшысы Сириядағы гуманитарлық операцияның қорытындысына түсініктеме берді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның өз азаматтарын Сириядан шығару бойынша гуманитарлық операциясы тек ҚР Президенті кәсіби түрде біріктіріп отырған бірқатар мемлекеттік құрылымдардың үйлесімді жұмысы және басқа мемлекеттердің осыған ұқсас құрылымдарымен тығыз ынтымақтастықта болуының арқасында табысты болды. Беларусь және шетелдік бірқатар басылымдардың танымал саяси шолушысы Роман Яковлевский Мәскеуде ҚазАқпарат агенттігінің меншікті тілшісіне осындай пікір білдірді.
None
None

«Қазақстанның өз азаматтарының үлкен тобын Сириядан қауіпсіз жерге шығару бойынша гуманитарлық операция ҚР Президенті кәсіби түрде біріктіріп отырған бірқатар мемлекеттік құрылымдардың үйлесімді әрі кәсіби жұмысы және басқа мемлекеттердің осыған ұқсас құрылымдарымен тығыз ынтымақтастықта болуының арқасында ғана табысты болды. Сирияда соғыстың күрделі жағдайында, бұл қантөгістің жалғасуына қарамастан Астананың осындай оң нәтижеге қол жеткізгені үлкен әсерде қалдырып отыр», - деп санайды Р.Яковлевский.

Бұл ретте сарапшы арнайы операцияның дүниежүзіне Астана саясатының тек көптеген маңызды әлемдік форумдардың бастамашысы ғана емес, өзге де туындаған немесе туындайтын проблемаларды шешу жолындағы нақты іс-әрекеттердің құралы ретінде өзін тағы бір танытқанын атап өтті.

«Астана қазіргі сириялық проблеманы шешуге талпынып отырған келіссөздер жүргізудің маңызды алаңы болып табылады. Менің ойымша, бұл арнайы операция бүгінгі таңда елеңдеп отырған әлем жұртшылығына, оның көшбасшыларына Астана тек көптеген маңызды әлемдік форумдардың бастамашысы ретінде ғана емес, өзге де туындаған немесе туындайтын көкейкесті мәселелерді шешу жолындағы нақты іс-әрекеттердің құралы ретінде танылып отыр», - деп атап өтті сарапшы.

Бұдан бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сириядан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бойынша гуманитарлық операцияға байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Авторы: Медет Ахметов

Соңғы жаңалықтар