Беларусь суперкомбайн құрастырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь президенті Александр Лукашенко суперкомбайн құрастырып шығаруды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы елдің экономикалық блогының жетекшілерімен өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА.
«Мен егін жинау құрылымдаушыларына 2018 жылы «Полесье» комбайнының үлгісін жаңартуды тапсырдым. Біз нарықта сұранысқа ие болатын моделге тоқтауымыз керек», - деді Александр Лукашенко.
Сондай-ақ Александр Лукашенко аталмыш техниканың қозғалтқыштары Беларусте шығарылу керектігін атап, оған елдің өндірістік мүмкіндігінің бар екендігін жеткізді.