Беларусьта Ил-103 ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьта Брест түбінде Ил-103 ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза болды. Бұл туралы ТАСС республика төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Беларусьта Ил-103 ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза болды

«Бүгін өрттерді анықтау жөніндегі ұшу тапсырмасын орындау кезінде «Беллесавиа» кәсіпорнының Ил-103 ұшағы Брест әуежайынан бірнеше шақырым жерде құлады, - деп хабарлады ведомство. - Әуе кемесінің командирі мен аға ұшқыш қазаға ұшырады».

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Осы үлгідегі барлық ұшақтардың ұшуы тоқтатылды.