Беларусь тарихы жайлы 50-ден астам кітап Берн университеті кітапханасының қорына табыс етіледі
МИНСК. 24 ақпан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Швейцарияда Беларус ЖОО ректорлары және проректорлары бастаған делегацияның жұмыс сапары өтуде,
деп хабарлайды Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
23-25 ақпанға жоспарланған сапар мақсаты жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық және техникалық саладағы алдыңғы қатарлы швейцариялық оқу орындарының тәжірибесімен танысу, студенттер алмасу және екі елдің университеттері арасында тікелей байланыс орнату болып табылады.
Сапар барысында Беларусь делегациясы Фрибург және Берн университеттерінде, сонымен қатар Цюрих қаласындағы Федералдық жоғары техникалық мектебінде болады.
Сондай-ақ Берн университетінің Шығыс Еуропа қітапханасы қорына Беларусь тарихи жайлы 50-ден астам кітап тапсырылады деп күтілуде.