09:31, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Беларусьте 1 қыркүйектен бастап коммуналдық қызмет бағасы өседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьте мемлекет субсидиялайтын жылыту және жылы су қажеттілігі үшін электр энергиясы мен жылу энергиясы тарифтері, табиғи және сұйытылған газ бағасы қайта есептелінеді, деп хабарлайды БЕЛТА Министрлер кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат 1 қыркүйек күні күшіне енеді. Осылайша, айдың басында тұрғындар үшін табиғи және сұйытылған газ бағасы, электр энергиясы мен жылу энергиясы тарифтері қымбаттайды. Тарифтер 8%-ға өседі. Жылыту және жылы су қажеттілігі үшін жылу энергиясы 1 Гкалға 16,9259 Br -ды құрайды. Бір текше метр газдың тарифы жылыту маусымында 0,0983 Br болса, ал жазда 0,3081 Br болады.
Жылыту және жылы су қажеттілігі үшін электр энергиясы мен жылу энергиясы ең төменгі жүктеме кезеңінде қуаттылығы 5 кВт-тан асатын (23.00-ден 6.00-ге дейін) құрылғы қосылған кезде 1 кВт сағатына 0,09 Br -ды құрайды, ал қалған уақытта 0,1674 Br болады.