Беларусьте ақшаны деноминациялауға дайындық жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақша өлшемін ірілендіру жалған купюралардың кең етек жаюына жол ашады. Беларусь мамандары осылай деп дабыл қағуда, деп жазады 24.kz.

Беларусьте ақшаны деноминациялауға дайындық жүріп жатыр

Еске сала кетейік, бұл елде ақшаны деноминациялауға дайындық жүріп жатыр. Яғни банкноттағы санның соңғы 4 нөлі қысқартылмақ. Алайда бұл бастама жалған ақша жасаушыларға жақсы мүмкіндік болуы мүмкін. Әзірге жаңа банкноттар қолданысқа ене қойған жоқ.

Көпшілік тек ақпарат құралдары арқылы оның суретімен танысты. Ал елдің Ұлттық банкі алаңдауға еш негіз жоқтығын айтады. Өйткені жалған ақшаны түпнұсқадан ажырату қиын емес дейді. Дегенмен, халыққа қашанда сақ болуды ескертуде.