Беларусьте коронавирсқа қарсы вакциналаудың басты ұстанымы белгілі болды

МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусьте коронавирсқа қарсы вакцинациялаудың басты ұстанымы еріктілік.

Беларусьте коронавирсқа қарсы вакциналаудың басты ұстанымы белгілі болды

Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко Минск қалалық балалар инфекциялық емханасының еңбек ұжымымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды қазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

А.Лукашенко елде вакциналау үшін әртүрлі өндірушілердің 5-6 вакцинасын қолдану жоспарланғанын түсіндірді. Ең алдымен, олар Беларусь сатып алуды жоспарлап отырған отандық кәсіпорындарда өндіретін ресейлік вакцинаны егуді бастайды. Сондай-ақ басқа елдер мен өндірушілердің вакциналарымен салдыруға мүмкіндік туады. Бұл қай вакцинаның тиімді екенін анықтауға көмектеседі.