20:04, 06 Қаңтар 2016 | GMT +5
Беларусьте Мәскеу-Брест жолаушылар пойызы трактормен соқтығысып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белоруссияда Минск облысы Дзержинский ауданында «Мәскеу-Брест» пойызы трактормен соқтығысты, деп хабарлады yodnews.ru.

«6 қаңтарда сағат 10.41-де жолаушылар пойызы мен трактордың соқтығысқаны туралы хабар түсті, оқиға Джержинск қаласы маңында «Станьково» темір жол стансасында орын алған», - делінген Беларусь ТЖМ хабарламасында.
«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, трактор жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсі жанғанға дейін темір жолға шыққан. Алайда, ол дизель отыны қатып қалып, жолдан өте алмай қалған.
Апат салдарынан трактор мен тепловозға зақым келді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиғадан бір сағаттан кейін пойыз бағытын жалғастырды.