Беларусьте мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан өткен ашық чемпионатта солтүстікқазақстандық Р.Шөкеев күміс және қола медальдарды иеленді
ПЕТРОПАВЛ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Гомель қаласында елдің ашық чемпионаты өтті, оған қазақстандық спортшылар да қатысты, деп хабарлайды облыстық туризм, денешынықтыру және спорт департаментінің баспасөз қызметі.
Жарыстарға Ресей Федерациясы, Беларусь, Польша және Қазақстаннан 200 адам қатысты. Онда Солтүстік Қазақстан облысынан екі спортшы болды. Тағы бір солтүстікқазақстандық Александр Соловьев төртінші орынды жеңіп алды.
Олар «Қарасай» жоғары спорттық шеберлік мектебінде спорттың олимпиадалық емес түрлері бойынша жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы Вячеслав Латышевтің қарамағында тәлім алуда.