Беларусьте президент сайлауы 2020 жылы 30 тамызда өтуі мүмкін

None
None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина ОНТ телеарнасының «Контуры» бағдарламасына берген сұхбатында елде президент сайлауы 2020 жылы 30 тамызда өтуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

ОСК төрағасы мемлекет басшысын сайлауға тиімді уақыт көктем болып табылатынын айта келе: «Бізде қараша айында сайлау өтеді, желтоқсанда жаңа парламент қалыптасып үлгереді. Бұл дегеніміз, үш айдан кейін президент сайлауын белгілеу керек болады. Ал онда мұналарды не үшін ауыстырдық?», - ол.

«Президент сайлауы Конституцияда белгіленген мерзімде өтеді деп ойлаймын. Яғни, 2020 жылғы тамыздың 30-ы. Меніңше, бұл датаны Беларусь Республикасы Президентінің сайлауы өтетін күн деп атауға болады», - деді Лидия Ермошина.

Оның айтуынша, бұл, бір жағынан әлі де жаз мезгілі. Екінші жағынан, 30 тамыз – халық еңбек демалыстарынан оралатын, студенттер ЖОО-ға орналасып үлгеретін уақыт. Яғни, сайлаушылар тіркелген жерлерінде болады. «Бірақ бұл қазір болжам ғана», - деп қосты ол.

Еске сала кетейік, Беларусь басшысы Александр Лукашенко 2019 жылы Өкілдер палатасы мен Республика Кеңесіне сайлау өтетінін, ал президент сайлауы 2020 жылы болатынын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар