Беларусьте президенттік сайлау өтті деп танылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьте президенттік сайлау өтті деп танылды, сайлаушылардың оған қатысуы жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де 64,90% құрады, деп хабарлайды БЕЛТА елдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтер бойынша дауыс берушілер саны жағынан Гомель облысы көш бастап тұр (сайлаушылардың 73,86%), ал ең аз дауыс берушілер Минск қаласында байқалған (52,00%). Шетелдердегі учаскелерде аталған уақытқа дейін азаматтардың 66,92% пайызы дауыс берген.
Еске салайық, сайлауда сайлаушылар тізіміне енген ел азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысқанда Беларусь Президентінің сайлауы өтті деп есептеледі. Президенттікке кандидат ретінде төрт адам: Сергей Гайдукевич, Татьяна Короткевич, Александр Лукашенко және Николай Улахович тіркелді.