09:10, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Беларусьте соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандық Ә.Мәмиевтің жерленген орны анықталды
МИНСК. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Минск облысында 1944 жылдың 3 шілдесінде «Багратион» шабуылдау операциясы кезінде қаза тапқан қазақстандық Әбужапар Мәмиевтің жерленген жері анықталды.

Қаза тапқан азаматтың туыстары мен жақындары осы уақытқа дейін оның хабарын табуға тырысып келді, сөйтіп мұрағат ақпараттарын тыңғылықты зерттеу барысында қатардағы гвардияшы жауынгер Әбдужапар Мәмиевтің Минск облысының Молодечнень ауданындағы Радошковичи кентіндегі зиратта, бауырлар моласында белгісіз жауынгер ретінде жерленгені анықталды.
9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Минскіге келген біздің отандасымыздың туыстары мен жақындары Радошковичи кентіндегі бауырластар бейітінде Ә.Мәмиевтің атын қашап жазып, оның есімін мәңгіге сақтап, рухына тағзым етті.