Беларусьтегі парламенттік сайлау өтті деп саналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтің Орталық сайлау комиссиясы ел параменті сайлауын өтті деп санайды. Сайлау жөніндегі сайтта жарияланған деректерге қарағанда, мәскеу уақытымен 14:00-де (астана уақытымен 17:00), дауыс берген сайлаушылардың саны 52,49 пайызды құраған, деп жазды РБК.

Беларусьтегі парламенттік сайлау өтті деп саналды

Келгендердің саны қажетті 50 пайызды құраған жағдайда сайлау өтті деп саналады.

Брестс облысында сайлаушылар -50,16%,  Витебскіде - 58,17%, Гомельде - 59,01%, Гродненскіде - 53,66%, Минскіде - 51,54%  және  Могилевте - 57,35% дауыс берді.

 Минскіде - 41,93%, ал Беларусьтен тыс жерлерде - 52,16% сайлаушы дауыс берді.

Сайлау учаскелері  20:00- ге дейін (астана уақытымен 23:00-ге дейін) жұмыс істейді.