Беларусьтен маңғыстаулық сарбаздың сүйегі әкелінеді
Мерекелік шара «Ұрпаққа ұран болған ерлiк!» атты соғыста қаза тапқандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.
«9 мамыр мұңлы күн, алайда сонымен қатар жүрегімізде бағасы өлшеусіз жарқын мереке. Жантүршігерлік соғыстың аяқталғанына 72 жыл өтті. Жеңіс қаншама көз жасымен, қайғымен келді. Сұрапыл соғыс миллиондаған адамның өмірін қиды. Қанша тағдырды жарымжан етті, қалаларды қиратты. (...) Біз Мәңгілік алаудың алдына ардагерлерді еске алып, бейбіт ашық аспан үшін алғыс білдіріп, олардың алдарында басымызды июге келдік», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Маңғыстау облысынан Форт-Шевченко қаласындағы жалғыз комиссариаттан майданға 6 мыңға жуық адам кетті, оның ішінде 170 қыз бар, 4800 жерлесіміз оралмады... Батырларымыз Мәди Бедянов, Біләл Қалиев, Курск шайқасына қатысқан Торсынбай Қарақұлов, барлаушы Малаев Павел, Өмірзақ Нұрбаев пен басқалары алтын әріппен соғыс жылнамасына жазылды.
Облыс делегациясы ардагерлер кеңесі хатшысы төрағасының басшылығымен Беларусьте Мозель қаласында салтанатты шараларға қатысты. Онда маңғыстаулық сарбаз батыр Жұбалы Қалдықараевқа құрмет көрсетілді, маңғыстаулықтар оның сүйегін отанына әкелмек.