Беларусьтің этнографиялық жəне тұрмыстық жəдігерлері Қазақстанның Ұлттық музейіне табысталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтің этнографиялық жəне тұрмыстық жəдігерлері Қазақстанның Ұлттық музейіне табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Бүгін Қазақстанның Ұлттық музейінде Беларусь Республикасының Ұлттық тарихи музейінің этнографиялық  жəне тұрмыстық коллекцияларын уақытша көрсетуге ұсыну мүмкіншілігіне ие болып тұрмын.  Олар - беларусь əйелдерінің ұлттық киімі. Сонымен қатар үйлену рəсімі барысында тұрмыстық зат ретінде қолданылған дəстүрлі құмыралар да бар", - деді салтанатты шараға қатысқан Беларусь Президенті Əкімшілігінің басшысы Наталья Кочанова.
null 

Оның айтуынша, музейге келген елордалықтар мен қала қонақтары осы экспонаттарды көру арқылы  Беларусь халқының мәдениеті мен салт-дəстүрін жетік біле түседі.
null 
null 
null 

Өз кезегінде ҚР Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы Леонид Кочетов беларусь тарапына ұсынып отырған экспонаттары үшін ризашылық білдірді.

"Сізді Қазақстанның Ұлттық музейінде қарсы алғанымыз үшін қуаныштымыз. Сіздердің бүгінгі тартуларыңыз біздердің музей ісіндегі жəне мəдени саладағы достық  байланыстарымызды жалғастырады деп сенеміз", - деді ол.

null
null 
null 

Соңғы жаңалықтар