Беларусьтық әйел 2024 жылдың бірінші тоқсанында Халықаралық ғарыш стансасына барады
МИНСК. БЕЛТА - ҚазАқпарат – Беларусь тұрғыны Марина Василевская 2024 жылдың бірінші тоқсанында Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарлағандай, 2023 жылдың күзінде Байқоңырдан ХҒС-қа баратын кезекті экспедиция құрамында Беларусь өкілі болатын.
Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығының (ҒДО) мәліметінше, ғарышкерлікке үміткер беларустер 2022 жылдың желтоқсанында ҒДО-да медициналық тексерудің соңғы кезеңінен өткен еді.
Ғарышқа ұшуға үміткерлер саны жүзден асты. Нәтижесінде Марина Василевская іріктеуден өтті.
М. Василевская – «Белавиа» беларусь әуе компаниясының бортсерігі, ол ХҒС-қа ұшу үшін негізгі экипажға тағайындалды. Ғарышкерлерді дайындау орталығының мәліметінше, ғарышкер Олег Новицкий ХҒС-қа алғашқы беларусь әйелді жеткізетін кеме командирі болады. Олардан бөлек, бортинженер ретінде NASA астронавты Колдвелл-Дайсон Трейси барады. Дублер ретінде ғарышкер Иван Вагнер, беларусь балалар хирургы Анастасия Ленкова және NASA астронавты Петтит Дональд Рой ұшады.
Беларусь ғарышкер әйел ХҒС-та беларусь ғалымдарына қызықты зерттеулермен айналысады.