16:06, 03 Ақпан 2025 | GMT +5
Беларусь үкіметі отставкаға кетті
АСТАНА.KAZINFORM - Беларусь министрлер кабинеті отставкаға кетті, деп жазады БЕЛТА.

Беларусь Республикасының Конституциясына сәйкес, үкімет жаңадан сайланған президентке дейін отставкаға кетті. Тиісті қаулыға Роман Головченко қол қойды.
Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, Беларусьтегі сайлауда сайлаушылардың 86,82 пайызы Александр Лукашенкоға дауыс берген еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Сонымен қатар, Александр Лукашенко Беларусь ШЫҰ-ын жаһандық тарту орталығы ретінде нығайтуға дайын екенін айтқан еді.