Беларуста ақылы автожолдарға тариф белгіленді

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасында Көлік және коммуникация министрлігінің қаулысымен ақылы жолдарда көлік құралдарына төлем төлеу тарифтері беліленді, деп хабарлады АГТ-Беларусь коммуникациялық агенттігі.

Беларуста ақылы автожолдарға тариф белгіленді

Автомобиль көлік құралдарының әр түріне техникалық жол берілген жалпы салмағына қарай ақы төлеу көзделген. Мәселен, жеңіл көліктерге 0,04 еуро/шақырым; екі білікті жүк автомашиналарына 0,08 еуро/шақырым; 3 білікті - жүк машиналары мен автобустарға - 0,10, 4 және одан да көп білікті және салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк машиналарына 0,12 еуро/шақырым ақы төлеу белгіленді.

Кеден одағына кіретін елдердің салмағы 3,5 тоннадан төмен автокөліктері ақы төлеуден босатылады. Сондай-ақ Беларуста тіркелген мопедтер мен мотоциклдер, доңғалақты тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар, қорғанысты қамтамасыз ететін және жедел қызмет ұйымдарының, қоғамдық тәртіп қорғау мекемелерінің автоқұралдары, жол бағдарларындағы жолаушылар тасымалдайтын көліктер мұндай төлемдерден босатылады.

Kapsch және Беларусь Республикасы арасында жасалған инвестициялық шартқа сәйкес, «BelToll»сауда маркасымен ақы төлеу жүйесі 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап алғашқы кезеңде M1/E30 (Брест-Минск-Российской Федерациясының шекарасы) күре жолында қолданыла бастайды. Одан кейін республика ішіндегі басқа жолдарда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.