Беларуста алғаш рет «Николай Набоковты еске алу» фестивалі өтеді

НСК. 11 тамыз. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Беларусь Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен Беларусь Республикасы Ұлттық сурет мұражайының бастамасы бойынша,

Беларуста алғаш рет «Николай Набоковты еске алу» фестивалі өтеді

ағымдағы жылдың 27-28 тамыз күндері «Мир» қамалды кешенінде (Любча кенті) алғаш рет «Николай Набоковты еске алу» фестивалі өтеді. Бұл туралы БР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Любча кентінің тұрғыны, жазушы Владимир Набоковтың немере інісі, 1939 жылға дейін Мир қамалын (Беларусь Республикасы Гроденский облысының Мир қалалық кентіндегі резиденция мен қорғаныс қамалы, сәулет ескерткіші ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрағаты тізіміне енгізілген - Авт.) басқарған Святополк-Мирсктардың туысқаны Николай Набоков әлемге аты әйгілі композитор, «Орыс маусымы» аясында Монте-Карло Джордж Баланчина Ресей балеті қойған американдық алғашқы балеттің авторы болып табылады.

Байқау аясында белгілі беларустық музыканттардың орындауында Н. Набоков туындыларының концерті өтеді, сондай-ақ композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы түсірілген бейнеролик көрсетіледі.