Беларуста ішінде журналистер болған тікұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Француз компаниясы жасап шығарған Мемлекеттік шекара комитетінің Ecureuil АS 355 NP тікұшағы Постовской ауанындағы орман алқабында апатқа ұшырады.
БЕЛТА-ның Беларусь Мемлекеттік шекара комитетінің баспасөз қызметкері Александр Тищенкоға сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы апаттан бес адам қаза тапты - екі экипаж мүшесі мен «Союз» ТРК-ның түсіруші тобы.
«20 қазанда шамамен сағат 15.45-те шекарадан бір шақырым жердегі Вилейты ауылы маңында шекара қызметі органдарының Ecureuil АS 355 NP тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақ шекараны қорғау қызметін атқарған болатын. Оның бортында экипаждың екі мүшесі мен арнайы репортаж дайындау үшін келген «Союз» ТРК-ның түсіруші тобы болды», - деп әңгімеледі Александр Тищенко.
Оның айтуынша, тікұшақ құлап, бірден отқа оранған. Бортта болғандардың бәрі қаза болды.
«Қазір апат орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Осындай оқиға бола қалған жағдайда қолданылатын барлық шаралар жүргізілуде», - деп нақтылады ол.