22:23, 29 Тамыз 2017 | GMT +5
Белбеу күресі: Қызылордалық команда ел чемпионатында жеңімпаз атанды
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат-Атырау қаласында белбеу күресінен 2000-2001 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионатында қызылордалық спортшылар 21 жүлдені иеленіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды. Оның 8-і алтын, 7-еуі күміс, 6-ауы қола медаль. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатына облыс атынан 33 спортшы қатысып, оның 21-і жүлдемен оралды.
Үстіміздігі жылдың желтоқсан айында Ташкентте белбеу күресінен өтетін Әлем чемпионатына 1,2 - орындарды иеленген 15 спортшы қатысады.
Спортшыларды жарысқа белбеу күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Әбдісаттар Садықов дайындады.