Белбеу күрестен әлем чемпионаты: Түркістандық «күміс» алды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістандық спортшысы Перизат Жақыпбекова белбеу күрестен өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Татарстанның Қазан қаласында өткен әлем бәсекесіне 42 елдің өкілдері қатысты.Отырар ауданының тумасы Жақыпбекова 76 келі салмақта белдесіп, өз мықтылығын танытып, «күміс» алды.
Жалпы чемпионат қорытындысы бойынша, Қазақстанның ұлттық құрамасы 4-орын алған. Ал 15 алтын медальға қол жеткізген Ресей құрамасы бірінші орынды иеленді.
Айта кетейік, әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан белбеу күресті алдағы кездері олимпиада ойындарына енгізу жоспарлануда. Осы тұрғыда әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстарды жиі өткізіп, барлық елдерде дамыту мақсаты қойылған.