Белгілі ақын Болат Үсенбаевтың «Тәңір - жыр, саған табынам!» атты шығармашылық кеші өтеді

Болат Әшімұлы Үсенбаев 1955 жылы 24 наурызда дүниеге келген. 1977 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1980 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. 1980 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1981-1982 жж. «Жазушы» баспасында редактор, 1982 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің аға тілшісі, 1983-1986 жж. Шелек аудандық «Еңбек туы» газетінде, 1987 жылы «Лениншіл жас» газетінде тілші, 1988-1990 жылы «Аманат - Избиратель» газетінде бөлім меңгерушісі, 1990-1996 жж. «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгеруші, жауапты хатшы болып қызмет еткен. «Ақ желкен» және «Балдырған» журналдары бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.
Алғашқы өлеңі 1971 жылы «Балдырған» журналында жарияланған. «Жеңеше», «Жүзік», «Таңғы шық», т.б. жыр жинақтарының авторы. Бірнеше республикалық мүшәйралардың жеңімпазы.