11:10, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Белгілі ақын Евгений Евтушенко гастрольдік сапарда жүргенде жан сақтау бөліміне түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей ақыны Евгений Евтушенко денсаулығының нашарлауына байланысты РФ-ның Дондағы Ростов қаласында ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Росбалт.
«Дәрігерлер оның денсаулығын жасына байланысты қалыпты деңгейде деп бағалады», - деді Ростов облысының денсаулық сақтау министрі Татьяна Быковская.
81 жастағы ақын ауруханаға жүрек талмасына байланысты түскен.