20:01, 29 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Белгілі америкалық музыкант атыс кезінде қаза болды
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Doe B деген лақап атымен белгілі америкалық музыкант Гленн Томас Алабама штатындағы атыс кезінде қаза болды.

Бұл туралы РБК хабарлады.
Монтгомеридегі барлардың бірінде болған атыс салдарынан 2 адам қаза болып, алтауы жарақат алған.
Атқан адамның қандай мақсат көздегені әзірге белгісіз. Полиция осы іс бойынша ешкімді ұстаған жоқ.
Рэп орындаушысы 22 жастағы Doe B-дің екі баласы бар, сонымен бірге жақын уақытта үшінші сәбиінің дүниеге келуі күтіліп жүр.