Белгілі америкалық тележүргізуші Опра Уинфриге швейцариялық сатушы қызмет көрсетуден бас тартқан
АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Швейцариялық сатушы америкалық тележүргізуші, актриса және саяси қайраткер Опра Уинфриге қызмет көрсетуден бас тартты, делінген 24.кz сайтында.
Ол дүкендегі қымбат сөмкелердің біріне қызыққан Уинфриге бұл заттың тым қымбат екендігін айтып, орнына арзан бұйым ұсынған. Жүргізуші бұл әрекетті нәсілшілдік деп тура атамаса да, Нью-Йорктегі оқиғаға байланыстырған. Ол кезде Уинфриді алдында қара нәсілді қылмыскерлер тонап кеткен дүкенге кіргізбей қойған. Бір қызығы, «қалтасы мұндай қымбат сөмкені көтермейді» деген 58 жастағы Уинфридің байлығы 3 млрд. АҚШ долларына жуық.