Белгілі әнші қызын Қытай қазағына ұзатты - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал жұлдыздар отбасы Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның еркесі Перизат ұзатылды, деп жазады nur.kz порталы.
Күйеу бала - Айдос Тұрған есімді азамат. Қалыңдық туыстарының айтуынша, екі жас колледж табалдырығын аттағаннан таныс.
Шаңырақ көтерген жастар - бір саланың мамандары. Перизат Стамғазиева бүгінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша дипломын қорғап, енді жұмыс қарастырмақшы. Ал күйеу жігіт кәсіпкер екен. Жаңа құдалар Қытай қазақтары болып шықты. Ол кісілер де Қытайдағы Шыңжаң жерінің өте сыйлы, құрметті азаматтары екен. Айтуларынша, жергілікті басқару жүйесі мен кәсіпкерлікте абыройы бар, Қытай қазақтары арасында танымал кісілер. Стамғазиевтер жайған дастарханға екі жүзден астам қонақ шақырылған. Олардың ішінде қазақ сахнасының жұлдыздары мен ақын-композиторлар, саясаткерлер де болды. Той дастарханнын Стамғазиевтер әулетінің үлкені Ұлдақан ана ашып берді.