Белгілі эколог Айжан Сқақова «Байтақ» партиясының қатарына қосылды
Айжан Сқақова Қазақстандағы экология проблемаларын, атап айтқанда Каспий, Арал, Балқаш, Семей полигоны және т.б. мәселеледі жиі көтеріп жүр. Оның бастамасымен киіктер популяциясын қорғау мақсатында «Бөкей Орда» мемлекеттік табиғи қорығы құрылды. Сондай-ақ биологиялық алуантүрлілікті сақтау, су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері көтерілді, Қазақстанның Қызыл кітабын қайта қарау мәселелері шешілді.
Айжан Амангелдіқызы Сқақова – Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің түлегі, география ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экология мәселелері мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі болған.
Сонымен қатар А.Сқақова қоғамдағы ана мен баланы әлеуметтік қорғау мәселесіне қатысты нақты ұстанымдар айтып жүр
«Қатарымызға Айжан Сқақова сынды экология және қоршаған орта саласындағы кәсіби маманның қосылуы – «Байтақ» партиясы үшін үлкен оқиға. Айжанның бай тәжірибесі, ынта-жігері мен отансүйгіштігі «Байтақ» партиясының дамуы мен насихатталуына елеулі үлес қосып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі нақты жұмыстарды күшейтетіні сөзсіз», - деп делінген партия хабарамасында.
Фото: baytaq.kz