Белгілі эстрада әншісі Бүркіт ұлды болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Белгілі эстрада әншісі Бүркіт ұлды болды. Оның жары Айша екінші ұлын дүниеге әкелді.
Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жұлдызды жұпты ұлды болғандарымен құттықтады. Нәрестеге әлі есім берілмепті.
Айта кетелік, Бүркіт пен Айша 2010 жылы отау құрған болатын. 2013 ерлі-зайыптылардың тұңғыш ұлдары өмірге келді. Оның есімі - Зейін.